Дағыстанда туып өскен 18 жастағы Саид Муртазалиев биыл қаңтарда Мәскеуге барған кезде полиция оны достарымен бірге ұстаған. Саидқа әлдебір қылмысты таңып, Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасасуға мәжбүрлеген. Анасының сөзінше, оқушыға қоқан-лоқы көрсетіп, аязда суық су шашып, ұрып-соққан.